Санаторий Казахстан
Электротерапия
Онлайн брондау
Write Close
Close
Бағдарламаны қалдырыңыз және біздің менеджер сізбен мүмкіндігінше тезірек байланысады
Сіздің деректеріңіз үшінші тұлғалар тарапынан берілмейді
Ваши данные не будут переданы третьим лицами
Бастапқы бет>Емдеу>Электротерапия
  • Амплипульсотерапия
  • Гальванализация
  • Дарсанваль тоғы
  • УВЧ - терапия
  • Буынға арналған ультрадыбысты терапия
  • Электроұйқы
  • Магниттерапиясы
  • Электрофорез
Электроемдеу (электротерапия) – емдік мақсатта электр түрлерін қолдану. Белгілі бір электр энергиясы түрлерінің терапевтік дозада мүшелер мен жүйелердің функционалдық күйін өзгертетін қасиетіне негізделген. Дарсанваль тоғы айнымалы жоғары кернеулі тоқтың газбен толтырылған шыны электрод арқылы тигізетін емдік әсеріне негізделген. Тиімді әсер тіндегі айырбас үдерістерін жеделдететін күре тамыр қаны мен лимфалардың ағуының жақсаруы арқылы қолжетімді болады. Дарсанваль аспабын қолдану тері мен терінің шел қабатындағы биохимиялық айырбастау үдірістерін жандандырады, қанайналымын қалпына келтіреді, тіннің трофикасы мен оның оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартады. Аппарат терінің терең қабаттары мен тері шеліне ем және косметикалық құралдардың енуін күшейтедй, бұлшықеттер тонусын жақсартады. Жалпы дарсанвалдау қан ұйығыштығын ақырындатады, ми тамырларының тонусын дұрыстайды, артериалдық қысымды төмендетеді, ұйқыны қалыпқа келтіреді және еңбекке қабілеттілікті көтереді.. Магнит - магнит терапиясы қанайналымын, айырбастау үдірістерін, бұлшықеттер қызметін ынталандыруды күшейту үшін әсерлі құрал, ауруды басатын әсері бар. Бұндай әсерге жүйке жүйесін тұрақтандыру, қанайналымы және оттегімен қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Магниттердің әсері арқылы организмді қанмен және оттегімен қамтамасыз ету жақсартылады, гемоглобин саны көбейеді, тамырлардың бетіндегі кальций мен холестеринніңдеңгейі азаяды. Қан тазарылып, қысым қалыпқа келеді. Қан мен лимфаның айналымы белсенділенеді, жасушалар оңай қоректенеді. Бұның бәрі жалпы айырбасты жақсартады, қартаю үдірісін төмендетеді. Темір көлемі көбейеді, ол өкпеден барлық мүшелерге оттегін жеткізеді. Гормон секрециясы көбейеді, тері иілімді болады, және гормон жетіспеушілішіне байланысты басқа мәслелер шешімін табады. Магниттер гомеостаздың күшейуіне себептес болады, яғни организмнің өзін өзі емдейтін функциясын іске қосады, оның нәтижесінде ауруға қарсы тұруы күшейеді. ДЭНАС-Вертебра– арқа аумағына әсер етуге, бел омыртқа мен ішкі мүшелердің әртүрлі аурулары болғанда ауырғанды басып, функционалдық түзетуге арналған электр массажы аппараты. Қолдануға көрсетімдер: - бел омыртқа, буын, бұлшықеттер ауруында асқынған және созылмалы ауру синдромдары; - ауырсынуды басу және ішкі мүшелер ауруларында функционалдық бұзылыстарды түзету; - аурудан, хирургиялық әрекеттен және жарақаттан кейінгі кейінгі сауықтыру; - денелік және ақыл-ой шаршағанда организмнің бейімделу мүмкіндіктерін жоғарылату. Эскулап – ынталандыруға және электр терапиясына арналған әмбебап аппарат, электр өрісімен және тоқпен емдік әсер етуге арналған. Апаратты қолдану қанайналымды, айырбастау үрдістерін белсендіруге, бұлшықеттер қызметін ынталандыруға, жүйке жүйесін жақсартуға себептес болады, ауырсыну синдромын кетіреді. Аппарат орталық жүйке жүйелері, жүрек-тамыр жүйесі, бас миының алғашқы кезеңдегі тамырларының атеросклерозы, ФК I-II кернеу стенокардиясы, I-II кезеңдегі гипертония ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруы, бронх демікпесі, нейродермит, экзема, энурез ауруларына қолданылады. Қарсы көрсетімдер: эпилепсия, теңгерілмеген жүрек ақауы, электр тоғына төзгісіздік, көздің қабынба аурулары (коньюктивит, блефарит). УВЧ-терапия - УВЧ60 аппараты жоғарғы жиілікті электромагнит өрісімен жергілікті емдік әсер жасауға арналған. Көрсетімдер: асқынған ісіп қызару процесі, жұлын мен шеткі жүйкелердің жарақаттануы, асқынған және созылмалы кезеңдегірадикулит, невралгия, полиомелит, энцефалит, миелит, Рейно ауруы, тығындалған эндартерит, жатырдың қабынуы. Қарсы көрсетілімдер:жаңатүзілімдер, қанныңжүйелі аурулары, I-II кезеңдегі жүрек жеткіліксіздігі, қолқа аневризмі, гипотония, қансырауға бейімділік, миокард инфаркті, белсенді кезеңдегі өкпе туберкулезы. Ультрадыбысты терапия – УДТ аппараты ультрадыбыстымеханикалық тербелістерді жасау және сонымен демалушының дене учаскелеріне әсер тигізу үшін арналған. Емдік әсері: ісіп қызаруға қарсы, катаболикалық, тырыспа жоюшы, дефибряциялайтын, бактерицидті. Көрсетімдер: буын аурулары (артрит, артроз, ревматоидный артрит, периартрит, экикондилит), сүйек-бұлшықет жүйесі жарақаттарының салдарлары, неврит, невралгия, радикулит, ішкі мүшелер ауруы (созылмалы демікпе, плеврит, өт шығару жолддарының дискинезиясы), несеп-жыныс жүйесі (андексит, жатыр мойыншығының эрозиясы, простатит), ЛОР мүшелері, көз, ауыз қуысы, склеродермия, трофикалық мерез аурулары. Қарсы көрсетімдер: жаңатүзілімдер, белсенді кезеңдегі өкпе туберкулезы, жүректің ишемиялық ауруы, III ФК кернеу стенокардиясы, гипотония, вегета сауыт дисфункциясы, ерте мерзімдегі жүктілік (іштің төменгі үштен бір бөлігіне әсер ету), тромбофлебит. Биоптрон- светотерапиябиоптрон адамға зиян келтіпуі мүмкіндігі бар ультракүлгін сәулелерді қолданбайды. Аспап құрамында спектрдың кейбір бөлігі жоқ полярланған жарық таратады. Бұндай сәуле шығару организмнің рефлекторлық жауабын тездетеді. Сол себептен ол сауығып, хал-жайы жақсарады, көңіл-күйі көтеріледі, дұрыс ұйқы қалыптасады. Биоптрон аспабының әсерінен артериялық қысым бірыңғайланады және терінің күйі айтарлықтй жақсарады. Биоптрон жарық терапиясы радикулит немесе аллергиялық ринит емдегенге, оториноларингологияда, педиатрида және геронтология мен дерматологияда қолданылады. Ол жарақат, күйік, терінің жаралануы, тыртықтың кешенді емінде қолданылады. Оны тірек-қимыл аппараты ауруларында, сүйек ұлпасы ауруларында, пластикалық операция, химиялық пиллингтан кейінгі сауықтыруда қолданады. Жарық терапиясы дермакосметологияда акне, псориаз ауруларын емдеуге тиімді қолданылады. Бұл аспап фолликулитов, аллергодерматоз, герпес ауруларының емінде өте жақсы нәтиже береді. Сондай-ақ, Биоптронның ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және иммунитет түзететін әсері бар. Қарсы көрсетімдер: - асқынған аппендицит - асқынған тромбофлебит - қан онкологиясы аурулары - қалқанша бездің гиперфункциясы - екіқабат кезінде - бүйректің теңгерілмеген аурулары - жүрек-тамыр аурулары - эндокридік және қантүзу жүйесінің аурулары
Made on
Tilda