Санаторий Казахстан
Массаж
Онлайн брондау
Write Close
Close
Бағдарламаны қалдырыңыз және біздің менеджер сізбен мүмкіндігінше тезірек байланысады
Сіздің деректеріңіз үшінші тұлғалар тарапынан берілмейді
Ваши данные не будут переданы третьим лицами
Табан массажы
Табан массажы бүліл организмге пайдалы. Табанның ұлтандық бетінде адамның жалпы күйіне рефлексті әсер ететін мыңдаған жүйке ұштары бар.Рефлексология осыдан басталады. Табанның бетіндегі рефлекторлық немесе рефлекстік деп аталатын белгілі бір аймақтар бар, олардың әртүрлі мүшелер және жүйелермен байланыс жасайтын жүйке ұштары болады. Барлығы осындай 72 мың жүйке ұштары бар. Табанда ғана емес, адамның басқа да тері аймақтарында осындай ішкі ағзалардың проекциясы деп аталатын нүктелер бар екенін айта кету керек. Бірақ, бұл аймақтар тек қана табанда бір-біріне жақын орналасқан. Табан массажынан кейін бүкіл ішкі мүшелер мен жүйелердің қызмет тиімділігі жоғарылайды, аяқ ісігендігі тез кетіп, тек қана аяқта емес, бүкіл организмде ерекше жеңілдік пайда болады, жалпы хал-жай жақсарып, дұрыс ұйқы пайда болады. Табан массажының эстетикалық әсері де бар, оны тұрақты түрде қолданғанда аяқтың ісінуі азаяды, аяқта жеңілдік сезіледі. Бұл нүктелердің массажы көзге, естуге, мұрын қуыстарына, сүйекке, буынға, т.б. сергітетін әсер тигізеді. Массаждың сергішітік әсері әсіресе жүріс-тұрысы аз өмір салтын ұстанатын адамдарға пайдалы.
Оставьте заявки и наш менеджер свяжется с вами в ближайшее время
Мы гарантируем конфидециальность передаваемых вами данных
Made on
Tilda