Санаторий Казахстан
Криосауна
Криотерапия– емдік әсері организм терісінің сыртқы (рецепторлы) қабатының −2°С дейін аса суып кетуіне жауап реакциясына негізделген физиотерапевтикалық процедура. Бұндай субтерминалдық аса суып кету тінді бұзбайды, ОЖЖ-не иммундық, эндокриндік, қанайналым жүйелерінде тиімді әсер ететін қуатты тітіркендіру туғызады.

Критотерапия аурулардың алдын алу, жалпы сауықтандыру, спорттық медицина және жарақаттан кейінгі қалпына келтіру, косметология, жас мөлшерін ұзарту және жасару салаларында қолданылады.

Көрсетімдер

- организмнің жалпы тонусын көтеру, терінің ахуалы мен түрін жақсарту;
- депрессиялық күй мен күйзелу, созылмалы шаршағандық т.б.;
- целлюлит;
- тамаша «айықтырғыш» әсер – абстинентті синдромды жою;
- аллергиялық жағдай (бронх демікпесі, поллиноз, контактті дермит т.б.;
- жарақаттан кейін қалпына келтіру;
- спортшылардың жоғары спорттық деңгейге жетуі және оны қолдау;
- жүйке тоздыратын және денеге түсетін ауырлықтан кейінгі дайындық пен қалпына келу;
- организмнің жалпы төзімділігін төмендету;
- тыныс алу органдарының асқынған ауруларының алдын алу;
- жүрек-қан тамырларының және бронх-өкпе ауруларының алдын алу;
- шеткергі тамырлар ауруларының алдын алу;
- артрозо-артрит, радикулиттерді емдеу;
- құздамалық полиартрит буындардың айрықша белсенді (ІІІ деңгей) және белсенді емес зақымдану кезеңінде;
- шорбуындаушы спондилоартрит (Бехтерев ауруы);
- тері аурулары (экзема, нейродермит, псориаз).

Жалпы аэрокриотерапияға қарсы көрсетім (АКТ):

- пациенттің жалпы ауыр күйі;
- созылмалы жүрек-тамыр ауруларының қалпына келмеуі;
- асқынған инфаркт миокарды және инфаркттан кейінгі сауықтыру кезеңі;
- ми инсульті;
- гипертония ауруы II деңгей, (АҚ > 180/100 сынап бағанасы мм);
- жүрек жеткіліксіздігі ІІ деңгей;
- жүрек ырғағының және өткізгіштігінің болжамалы жағымсыз бұзылыстары;
- безгек;
- белсенді өкпе туберкулезы;
- қатерлі ісіктер;
-геморрагиялық диатез;
- истериялық невроз;
- дербес суық төзгісіздігі.

Брондау
Write Close
Close
Оставьте заявку и наш менеджер свяжется с вами для уточнения деталей
Ваши данные не будут переданы третьим лицами
Made on
Tilda