Санаторий Казахстан
Инемен емдеу
Бастапқы бет>Емдеу>Инемен емдеу
Инемен емдеу

Акупунктура– адам денесінің белгілі бір нүктелеріне арнайы ине енгізетін дәстүрлі Қытай медицинасында негізгі бағыттардың бірі. Бір рет пайдаланатын инелер биологиялық белсенді нүктелерге енгізіледі. Адам денесінде терінің астында әртүрлі тереңдікте 600 астам нүкте бар. Инемен емдеу организмнің меншікті қорғаныс функциялары мен оның қорғаныс қасиеттерін күшейтетін және организмді ауруға қарсы күрестіретін арнайы заттарды жандандырады. Сондықтан бұл тәсілдің жанама әсері жоқ және ол аурудың белгісін ғана емес, себебін де кетіреді. Инемен емдеуді бұлшықеттердің құрысқанын, ауырғанды кетіргенде қолданады (инемен емдеу остеохандроз болған жағдайда өте тиімді).
• жүйке жүйесінің қызметін ретке келтіреді (жүйке тозуы, ұйқысыздық, бас сақинасы мен басқа да аурулар болған жағдайда);
•невралгиялық ауырғанды кетіреді (остеохондроз, омыртқааралық диск жарығы, ишиас, люмбаго, радикулит, протрузия аурулары)
•организмнің инфекция мен вирустарға төзімділігін жоғарылатады (иммунитетті күшейтеді)
•қан айналымы мен заттар алмасуын жақсартады;
• буындардың күйін жақсартады (құяң, артрит, артроз ауруларында);
• қызару процессіне тосқауыл болады (панкреатит, холецистит, бронхит, цистит, простатит болғанда);
• Бұлшықет тіні мен терінің күйіне (атопиялық дерматит) қолайлы әсер етеді. Остеохондроздың дамуының ең маңызды факторларының бірі арқаның бұлшықеттерінің ұзақ уақыт құрысуы болып табылады. Емдеу үдірісі қақсау мен бұлшықетттің құрысқанын кетіруден басталады. Бұл бел омыртқа қозғалғыштығын қайта қалпына келтіріп, қысылып қалған жүйке ұштары мен қан тамырларын босатып, омыртқа аралық дискілерге ауыртпалықты жеңілдету үшін жасалады.
Онлайн брондау
Write Close
Close
Бағдарламаны қалдырыңыз және біздің менеджер сізбен мүмкіндігінше тезірек байланысады
Сіздің деректеріңіз үшінші тұлғалар тарапынан берілмейді
Ваши данные не будут переданы третьим лицами
Made on
Tilda