Санаторий Казахстан
Ванналар
Минералді ванналар емдеудің маңызды түрі болып табылады
Онлайн брондау
Write Close
Close
Бағдарламаны қалдырыңыз және біздің менеджер сізбен мүмкіндігінше тезірек байланысады
Сіздің деректеріңіз үшінші тұлғалар тарапынан берілмейді
Ваши данные не будут переданы третьим лицами
Минералды су адам ағзасының жақсы жұмыс істеуі үшін қажетті құнды минералды қоспаларға бай. Минералды ванналар тіндегі қорғаныс, регенерациялық және бөлу процесстерін жандандырады, ағзаны тазартып, әлдендіреді.Минералды судың тәнге механикалық әрекетінің мәнісі ваннадағы су мөлшерінің тері рецепторларына жасаған қысымында. Механикалық фактор мүшелер мен тіндегі қан ағысына және жалпы қан айналымына әсер етіп, организмдегі қан үлестірімін өзгертеді, жүрек қызметі мен лимфа айналымына дем береді. Ванналар кеуде және құрсақ қуыстарына қысым көрсетіп, тыныс алу қозғалысын күшейтеді және тереңдетеді. Температуралық (термикалық) фактор организмдегі көптеген үдерістерге қолайлы әсер тигізеді, сондай-ақ, минералды ваннаны қолданғанда ең маңызды химиялық фактордың емдік әсерін күшейтіп, тереңдетеді. Минералды ванналар қимыл-тірек аппараты, жүйке тамырларының шеткі жүйесі, тері ауруларына, әйел және ерлердің жыныстық ауруларына, жоғары тыныс алу жолдары және ЛОР-паталогия мен ішек-қарын жолы ауруларына көрсетімді.

Құйынды ванналар
Мұндай процедура кезінде пациент аяғын қабырғасында тесіктері бар арнайы ваннаға салып отырады. Бұл тесіктерден су ағыны құйылып, ваннадағы суды бұрқылдатады. Су температурасы 35-38 градус. Суға кейде әртүрлі шөп қосылады. Құйынды ванналар бұлшықет жүйесі мен аяқ буындарын барынша қалпына келтіреді, қан айналымының жақсаруына себептес болады, терідегі микроциркуляторлық үдерістерге дем береді, қанның веналық ағуын жақсартады, ауырсынуды басады, буындардың функционалдық екпінділігін көтереді.

Көрсетімдер:
Аяққа арналған құйынды ванна кемел жастағы жүрек ауруларына және денсаулығына байланысты жалпыға бірдей ванналарға түсе алмайтын пациенттерге қолайлы. Сондай-ақ, бүл процедура жаураған аяқтар синдромы деп аталатын ауру болғанда, жарақаттан (сынық, сіңірдің үзілуі) кейінгі қалпына келтіру емінде, жарақат тізе, жіліншік, табан тұсында болғанда, сондай-ақ, буын ауырған жағдайда қолайлы болады. Аяқ-қолдың қан айналымын және заттектердің алмасуын жақсартады. Шөп қосылған ванна қабынуға қарсы және жарақат жазатын әсер тигізеді, тіннің тыныс алуын күшейтеді, организмнің қоқыстан тазарылу үрдісіне себептес болады, орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, сол арқылы көңіл күй жақсарады, ұйқы бірыңғайланады, сергектік пайда болады.Ішкі мүшелердің қызметіне жағымды әсер тигізеді, иммунитетті жақсартады. Құйынды ванналар көбінесе жергілікті қолданады (аяқ пен қолға). Арнайы сорғы арқылы ваннада массаж әсері пайда болады. Массаждың жағымды сезімі аяқ-қол тамырлары қанағымының жақсаруына, аяқ-қолдың кеңейтілген тамырлары арқылы оттегі мен нәрлі заттардың жеткізілуін жеңілдетуге және трофикалық жаралардың пайда болуына бөгет болатын терінің қоректенуінің жақсаруына себептес болады. Құйынды ванна аяқ ангиопатиясы, жамбас мүшелерінің аурулары болған жағдайда көмектеседі, табан, тізе және жамбас ауру синдромдарын төмендетеді, шаршағандықты кетіреді.
Онлайн бронирование
Write Close
Close
Оставьте заявку и наш менеджер свяжется с вами для уточнения деталей
Ваши данные не будут переданы третьим лицами
Made on
Tilda